Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.
Заманның көшінен қалмау – уақыт талабы.
Білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесінің басты тақырыбы болды.
Қазақстан Республикасы президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына 2021 жылдың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында, сондай-ақ, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан жаппай цифрланған және жасанды интеллект жүйесі қарқынды дамыған елге айналуға тиіс ж . Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз. Бұл технология жақын арада әлемді түбегейлі өзгертеді», – деп атап өткен болатын. Цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, ең алдымен, сапалы контент жасауға, дербестендірілген оқыту мен бағалау үшін жағдайлар жасауға, әрбір білім алушының, педагогтің және білім беру ұйымының қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін жетілдіруге бағытталады деп күтілуде. Жасанды интеллект деректерді талдау және болжау негізінде білім беру ұйымдарын тиімді басқару үшін қолданылатын болады.. Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолданылып келеді.
Қазіргі таңда мемлекет ұсынатын қызметтердің көпшілігі электрондық тәсілмен көрсетіледі. Бұл орайда шалғай өңірлерге де тарала бастаған электронды үкімет - e-gov желісінің рөлін атап өту керек. «Білім және ғылым мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық күш - қуаты өркендеуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Білім саласын дамыту инновацияны ендіруге септігін тигізіп, жастарды қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға қажетті керекті білімдер мен дағдылармен қамтамасыз етеді. Ernst&Young халықаралық компаниясының зерттеу мәліметі бойынша мемлекеттің білім мен экономикасының арасында тікелей байланыс байқалады.
Білім беру саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға қабілетті, ең алдымен бұл тең қолжетімділікті кеңейту. Егер мектепке дейінгі білім туралы айтатын болсақ, балабақшаға балаларды орналастыру үшін электронды кезек және жолдама алу «Дара бала» платформасы, балалар қатысымын реттейтін электронды табель, балалар даму картасы,педагогтар аттестациясы
барлығы автоматтандырылған жолмен жүзеге асатынына куәміз.
Осы платформалар арқылы уақытты үнемдеуге, жемқорлықтың жою т,б қоғамдағы кемшіліктерді жоюға да қол жеткізіп келеміз.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары өз жұмыстарына сандық инновациялық технологияларды қарқынды енгізуде. Сондықтан мектепке дейінгі педагогтардың негізгі міндеті балалармен жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формаларын, оқушылардың жеке дамуының белгіленген мақсатына сәйкес келетін оңтайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау болып табылады.Бұл орайда балабақшада материалдық техникалық базаны жаұсапрту жұмыстары жүргізілуде атап айтатын болсақ дана интерактивті панель, дана компьютер, балалар оқу процесінде қолдану үшін планшет сатып алынды. Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, Балалардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда олардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, пәнге қызығушылықтарымен және т. б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отыр, осы жаңашылдықты қолданып қана қоймай іс - шаралар мен жобалар мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруды, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді, білім және денсаулық сапасын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды, оны тиімді пайдалануды әр азамат өз алдына мақсат етіп қоя білуі керек. Білім беру ұйымын цифрландырудағы заманауи тенденциялар туралы білімді алу «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді пайдаланудағы мұғалімдердің құзыреттілігін кеңейтуге мүмкіндік береді, оған барлық жаңалықтарды білуге және оларды кәсіби қызметте және күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік береді.