МКҚК №32 «Қуаныш» балабақшасы педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау. Тәрбиеші лаувзымына уақытша мерзімге (декреттік демалыс орны) -1 вакант (1,125 бірлік).
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
~ 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
https://www.instagram.com/p/DOsjJxZCFaE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DOXsLEwiHmk/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес: МКҚК №32 “Қуаныш” балабақшасы,
2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлаймыз!
Ұсыныстарды қабылдау күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
• жергілікті өкілідік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
• жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
• коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
• ата-аналар комитеті ұсынған әрбір коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
• ата-аналар комитеті ұсынған әрбір топтан, сол мектепке дейінгі ұйымында тәрбиеленушілердің бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
• қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
МКҚК №32 “Қуаныш” балабақшасы қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткердің ұсыныстарын қабылдайды.
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Оңтүстік-Батыс тұрғын үй алабы, И.Тайманов көшесі 20.
Электронды мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
09.09.2025








