№32 «Қуаныш» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында балабақшамыздың кіші қызметкерлері арасында «Қазағымның ардақты келіндері-ай!» тақырыбында байқау өтті. Байқаудың әділқазылар алқасына педагог зейнеткерлері Абдуллина Б.Б., Нуртазиева Н.М. және «Райгүл» балабақшасының меңгерушісі Шукурова М.К. шақыртылды. Байқау соңында әділқазылар алқасы байқау қатысушыларына әділ бағаларын беріп, сыйлықтар табыстады және де Алғыс хатпен марапаттады.