«Ғажайып кітап бұрышы!»
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын, педагогтердің, ата-аналардың оқу белсенділігін арттыру, мәдени, оқырмандық құзыреттіліктерін дамыту, жоғары азаматтық, рухани – адамгершілік бағдарларын қалыптастыру деген мақсатты негізге ала отырып, балабақшада кітап қорын балалар әдебиетімен жүйелі түрде қамтамасыз етіледі, демеушілік ата-аналар көрсетіп жатады.
Одан басқа Жарма аудынының орталық кітапханасына тәрбиеленушілерді апарып, кітаптарға қызығушылықтарын арттады. Кітапхана қызметкерлері әр түрлі оқу бұрыштарымен таныстырып, қызықты кітап ертегілерді көрсетіп таныстырды. Ересек және мектепалды даярлық топ балаларына кітапхана экскурсиялары өте ұнады.
Балабақшада аталған жоба аясында «Букроссинг-бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі» кітапханалық кеш ұйымдастырылды. Ата-аналар тарапынан кітаптарды сыйға тартты. Бірлескен жұмыстың арқасында балалардың бос уақытын ұйымдастыру қажет. Кітап оқу барысында балалардың ақыл- ойын дамиды, сонымен қатар адамгершілік, тәрбиелік қасиеттері қалыптасады. Ересек топтан бастап балалар өз ой-пікірлерін айтып үйренеді, ойларын ашық жеткізе білуге көмектеседі.
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/203-balalarmen-tkiziletin-zhappaj-is-shara.html#sigFreeId2764a787cd