Тақырыбы: «Ойында озған, өмірде озар» зияткерлік ойыны

Мақсаты: Балаларды заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, балалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдылығын анықтау. Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөйлеу шеберлігін дамыту. жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Алған білімдерін қолдана білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қайырлы таң құрметті қонақтар! Бүгінгі «Ойында озған, өмірде озар» зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! «Білімді ұрпақ – ел тірегі» демекші, мектепалды даярлық тобының сайыскерлерін қарсы алайық. Ортаға «Ақжұпар» мектепалды тобының тәрбиеленушілерін шақырайық. Сағызғалиева Гаухар, Қайрат Айбиби, Ақаш Сардар «Қызғалдақ» мектепалды тобының тәрбиеленушілерін шақырайық. Болысбаева Муслима, Бектемірова Ақтоты, Кенжетаев Арсен

Жүргізуші: Ендеше ойынымызды бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен танысып өтейік.

Балабақша меңгерушісі: Лекерова Рима Аманғалиевна

Балабақша әдіскері: Боташева Урзада Жеткергеновна

Жүргізуші: Ал енді ойынымызды бастамас бұрын екы топ өз ұрандарымен таныстыра қойсын.

«Білімділер» тобы «Қызғалдақ» мектепалды тобы

Біздің ұранымыз: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

«Алғырлар» тобы «Ақжұпар» мектепалды тобы

Біздің ұранымыз: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

Жүргізуші: Олай болса, ойын бөлімдерімен және шарттарымен таныс болайық. Сайыс 5 бөлімнен тұрады. Сұрақтарға тез және нақты жауап беру керек. Әр жауапқа 1 ұпайдан беріледі және уақыт беріледі. 

1. «Білгенге, маржан» Сұрақ-жауап 

2. «Көршісін тап» Сандардың көршісін тап

3. «Шатасқан сурет» Берілген суретті бүтіндеу 

4. «Бұл қай ертегі?» Суретке қарап, қай ертегі екенін айтады

5. «Ойлан да тап» Жұмбақ жасыру

Жүргізуші: Ал бәріңе сәттілік!!

1 тапсырма «Білгенге, маржан» Сұрақ-жауап 

1. Қойдың төлін не дейміз? Қозы 

2.Тәуелсіздік күні қай күн? 16 желтоқсан

3. Бір аптада неше күн бар? 7 күн

4. 2-ші күн қалай аталады? Сейсенбі

5. Балабақша сөзінде неше буын бар? 4

6. Қай пішінде бұрыш жоқ? Дөңгелек

2 тапсырма «Көршісін тап» Сандардың көршісін тап

  1. тапсырма «Шатасқан сурет» Берілген суретті бүтіндеу
  2. тапсырма «Бұл қай ертегі?» (слайд арқылы көрсетіледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады. Суретке қарап, қай ертегі екенін айтады.)
  3. «Арыстан мен тышқан»
  4. «Мақта қыз бен мысық»
  5. «Алтын балық»
  6. «Түлкі мен тырна»
  7. «Шалқан»
  8. «Жеті лақ»
  9. 5. тапсырма«Ойлан да тап» Жұмбақ жасыру

Жүргізуші: Ал балалар осымен «Ойында озған, өмірде озар» зияткерлік ойынымыз өз мәресіне жетті. Қатысып, өз бақтарыңды сынап көрдіңдер. Алдағы уақытта осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңдер! «Еліміздің болашағы білімді ұрпақ» демекші білімді азамат болып өсулеріңе тілектеспін!!!

Кезекті әділқазылар алқасына сөз берейік Құттықтау сөздер.

Марапаттау.