Зал іші безендірілген ортада   Әже жүреді.

Әже: Уа халқым мереке құтты болсын! Ақ мол болсын!Бүгін Ұлыстың ұлы күні, ақ түйенің қарны жарылған күн! Наурыз көжем пісірулі! Етім  асулы, көрші ауылдан қонақтар да  келіп қалар. Қазақта айтпайды ма қонағы көп үйдің ырысы көп болады деп., менде сол бүгін әдемілеп ақ дастарханымды жайып қойдым

( музыка ойналып ортаға Немерелері, келіндері келеді)

 Әже: Оооо қандай керемет! Менің балаларым, немерелерім, келіндерім  де келіп қалды. Боталарым қош келдіңдер төрлетіңдер!!!! Амансыңдар ма ботақандарым қалай жеттіңдер? Сендердің келгендерің қандай жақсы болдығой, осындай Ұлыстың ұлы күнінде мына қар   ттарды қуантып келгендерің қандай жақсы болды, керемет болдығой.

Баласы: Сәлеметсізбе апа! Амансызба ! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Мына келініңіз екеуміз балаларды сіздерге алып келдік, үлкен қарт адамдардың еңбегін көрсін, ауылдың, қыстақтың тіршілігін көрсін, үйренсін, сіздерді мереке күні қуантайық деп келдік.

Келіні: Сәлеметсізбе! (деп әжеге салем етеді)

(балалар әжесімен көрісіп, жайғасып отырады, ортаға Ата келеді)

Ата: Әжесі қайдасыз,? Сүйінші хабарым бар!  Оооо айналайындарым менің балаларым келіп қалыптығой. Бақытты болыңдар! Көп жасаңдар! Өркендерің өссін!

Әже; Келіңіз атасы, ия балаларды көріп мен де қуанып жатырмын.

Ата:  Мен міне мал қорадан келдім, мал төлдеп сиырлар бұзаулап, қой қоздап, түе боталап жатыр.

Әже: Оооо бәрекелді! Берекелі мерекелі жыл болғай. Жақсы болған екен Атасы сіз маған өте жақсы жаңалық айтып жатырсыз. Әрине бұл үлкен еңбектің арқасы ғой.

Баласы: Әрине апа, әке дұрыс айтасыздар! Міне балаларым осы естіп отырғандарыңның бәрі үлкен еңбектің арқасы .Ертең сендер ер жеткенде осы Ата әжелеріңнің ісін жалғайтын боласыңдар. Мен де үлкен жетістіктерге осы еңбектің арқасында жетіп отырмын.

Келін: Керемет! Наурыз мерекесі құтты болсын!!! Ақ мол болсын!!!Енді бүгінгідей мерекеде атамызбен әжемізді қуантып өнерімізді көрсетіп ән шашуымызды тарту етейік.

                                                 Ән: «Наурыз келді алақай!»

Әже: Жарайсыңдар немерелерім! Ал сендер алыстан келдіңдер мына аталарыңмен әжелеріңе қандай сыйлықтарың бар.

Келін: Әже, ата балалардың сізге әкелген сыйлығы өте көп. Немерелеріңіз сіздерге арнап өлең шумақтарын айтып берсін.

                         Наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтар: 1,2,3,4,5,6,

Әже: Жарайсыңдар немерелерім! Рахмет се ндерге! Көп жасаңдар!

Келін: Қане ботақандарым қарап отырмайық әжемізбен атамызға  би билеп берейік!!!!        

                                                         Би: «Дастархан»

Баласы: Балалар міне той осынысымен қызық. Қазақтың тойы ойынсыз, бисіз, әнсіз өтпеген десе керек. Бүгін ұлыстың ұлы күніғой  ойынға кезек берейік.

                         Ұлттық ойындар: «Дорба»,  «Арқан тарту»

Әже: Жарайсыңдар балапандарым! Мына немерелерімнің өнеріне өте риза болып отырмын.  Бүгін бір керемет той болып жатыр қуанышымда шек жоқ,

Айналайын ботақандарым менің бір жақсы көріп тыңдайтын әнім бар едіғой, қане сол әнді айтып беріңдерші.

                                               «Әжем менің қандай?»

Ата: Ооо боталарым әжелеріңді сүйікті әнімен қуантып жатырсыңдар. Мені де бір қуантып тастаңдар ендеше.

Келін: Ал ендеше балалар атамызға асықпен ойнап би билеп берейік.

                                                   Би: «Асықтармен билейміз»

 

Баласы: Рахмет сіздерге ата, әже !!! Енді өздеріңізден бата сұрасақ. Мына немерелеріңізге ақ батаңызды беріңіз!!!

                          (Ата   немерелеріне, келген қонақтарға бата береді.)