Әдемі киіз үйдің көрінісі. Ұлттық құндылықтар ілінген.

Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

                      Босқа қарап тұрмаңыздар!

                      Наурыз тойы басталды.

                      Көргендер де арманда,

                      Көрмегенде арманда,

                      Қызықтан тыс қалмаңыздар!

 Наурыз мерекесі құтты болсын! Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамдарыңыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Балалар амансыңдар ма мереке құтты болсын. Қандай әдемі болып киінгенсіңдер. Көңіл күйлерің қалай жақсы ма? Ұлыстың ұлы күнінде үйімізге көп қонақтар келеді. Қонақ көп болса ырыс несібе көп болады дейді ата әжелеріміз. Бір дыбыс естіледі бізге қонақ келе жатыр екен.

                                     (музыка ойналып ортаға әже келеді)

Әже: Ассалаумағалейкум, халқым. Наурыз келсе, құт келгені халайық. Амансыңдар ма ботақандарым!   Міне балалар сағынып күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктем келді жер жаңарды, жайлауда мал төлдеп, көктемгі еңбекте басталды. Ал мен бүгін өздеріңді сағынып  қонаққа келіп қалдым.

Жүргізуші: Ооо әже келгеніңіз қандай жақсы болды. Сізді көріп қуанып қалып жатырмыз. Төрден орын алыңыз. Мереке құтты болсын!!! Қане балалар мерекемізбен құттап әжемізге әдеміәнімізді тарту етейік.

                                         Ән: «Әжем менің қандай»

Әже: Бәрекелді жарайсыңдар сендер өте өнерлі екенсіңдер. Рахмет сіздерге

Жүргізуші: Әже біздің балалар тек ән айтып қоймай ,өлең шумақтар, ойын ойнайды.  Қане олай болса балалар әжемізге әдемі өлеңдерімізді айтып берейік.

                                Өлең шумақтар:1,2,3,4,5,6

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!  Қазақ халқы –бай, қонақжай, өнерлі халық, қандай мақтау айтсада артықтық етпейді. Осындай мерекеде ұлттық ойын ойнамасақ ұят болар. Әже емерелеріңіз сізге   қазақтың ұлттық ойындарын ойнап көрсетеді

        Ойын: «Тенге алу» , «Хан талапай» «Орамал алу» «Асық тізу»

Жүргізуші: Әже сіздің немерелеріңіз қандай өнегелі, өнерлі екен. Сіз оларға ризасызба? Той тойға ұлассын! Әже мына немерелеріңізге, келген қонақтарға ақ батаңызды беріңіз.

Әже: Әрине боталарым. Мен сендерге өте риза болып отырмын. Өнерлі екенсіңдер. Рахмет айналайындарым. Ал жай қолыңды ақ батамды берейін.

                                      (Әже бата береді)

Жүргізуші: Әже сізге көп көп рахмет. Жасыңыз үлкен болсада ортамызға келіп мерекеміздің сәнін келтірдіңіз. Осымен мереке бітпейді, Әже сізді ақ дастарханымызға шақырамыз, бізбен бірге Наурыз көжеден айыз тиіп қадірлі қонағымыз болыңыз.