Тақырыбы: Жас ұрпақ ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу
Армысыздар, ардақты ұстаздар!
Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты ақыл кеңеске қош келдіңіздер!
Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.
Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы, ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғашқы пайда болуы 13 - 14 ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.
Бабаларымыздың бұрынғы жүріп өткен дәстүрлі жолы бүгінгі жас ұрпақ үшін қараңғыда жол табар шырақ секілді.
Олай деуміздің негізгі себебі салт-дәстүр ырым-тиымдар секілді қағидалар мен ұстанымдар мағынаға толы үлкен өнеге. Біздің дана абыздарымыз күнделікті қолданып жүрген сандардың өзін қасиетке балап, әрқайсының мән-мағынасын ашып кеткен. Осы орайда құрметті оқушылар
Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?
Тәрбиешілер: -3,5,7 сандарын киелі санаған.
Жүргізуші:-Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен? Қане, айтып көрейік.
Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ
Үш арсыз:Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш қуаныш: 1.Алғыс алу. 2. Өзіңді көптің іздеуі 3. Ісіңнің өшпеуі
Бес қару: Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.
Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жеті жетекші:
Адамның басшысы-ақыл
Жетекшісі- талап
Жолаушысы-ой
Жолдасы-кәсіп
Қорғаны-сабыр
Қорғаушысы-мінез
Сынаушысы-халық
Жеті ата:
- Нұрғазы
- Атабай
- Өмірбай
- Қарабала
- Тышқан
- Бабатай
- Байтемір
Жеті қазына:
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім.
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы(ит) Ойын: «Алты бақан құру» Әр түрі матермалдардан жасау.
Ойын: «Ұршық йіріп жарысу»
Ойын: «Алты бақан құру» Әр түрі матермалдардан жасау.
-Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіздер. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз үлкен өмір жолында пайдаға асуын тілеймін.
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/130-zhas-rpa-ty-ltty-ndyly-tar-ar-yly-t-rbieleu-ke-es.html#sigFreeId38985c5f48