«Анашым, құтты болсын мерекең!»
«Раушан» ортаңғы топ
Муз. жетекшісі: Аетова Л. Т
Тәрбиешілер: Орынбаева Г. Қ
Мамбеткулова Э. С
Жүргізуші: Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Аяулы - анашым» атты өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі , қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.Олай болса балалар бәріміз бірге аналарымыздың мерекесін ән шашумен бастайық.
Ән: «Әже»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар әнді өте тамаша орындадыңдар. Бүгін керемет күн, аналар мерекесіне әдемі жылу әндеріңді сыйладыңдар, ал енді келесі кезекті өзіміздің жүрек жарды жылу лебіздерімізге берейік. Біздің балалар бүгін аналар мерекесіне әдемі өлең шумақтарын дайындаған екен. Олай болса біз ортамызға балаларымызды шақырайық.
Тақпақтар 1,2,3,4,5
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршы балалар ана жақта «Мама, мама» деген дауыс естіледі.
Жүргізуші: Бұл не дыбыс? Кім екен мамасын жоғалтқан?
(Залға қошақан кіреді.)
Қошақан: Сәлем достар мені таныдыңдар ма! Мен қошақан боламын, мен анаммен бірге артынан еріп келе жатқан едім анамнан адасып қалдым, енді қайдан тапсам екен, көмектесесіндер ме маған.
Жүргізуші: Қошақан сен мұңайма бүгін мереке біз сенің анаңды табуға көмектесеміз, балалар болып көңілінді көтереміз қане жылама бізде мереке болып жатыр. Балалар қошақанның көңіл-күйі түсіп кетіпті анасын іздеп тұр, барлығымыз көңіл-күйін көтерейік.
Ойын: «Кім тез гүл тереді»
Жүргізуші: Қошақан саған ойын ұнады ма,сенің көңілің әлі көтерілмей тұр гой. Балалар біздің қошақанның көңілі әлі де көтерілмей тұр, қошақан сен мүңайма,ойынға көңілін көтерілмесе бойыңды сергітіп ортаға шығып балалармен би билейік сол кезде біздің әсем дауыстарымызды естіп, шулағанымызды естіп,әуенімізді естіп, сенің анаңда осы жерге келіп қалар.
Би: «Гүлдер»
Ару коктем: Саламатсыздар ма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр.
-Оо қошақанмен сен мына жерде не істеп жүрсің?
Қошақан: Сәлеметсіз бе! Көктем аруы мен қошақанмын, көктем келгенде мен анаммен бірге далада ойнаймын,тастан-тасқа секіріп жүргенде анамды көрмей қалдым,адасып қалдым, сіз көрмедінізбе!
Көктем ару: Көрмедім мен балабақшаларды аралап мерекемен балаларды, аналарды құттықтап келе жатырмын. Сенің анаңды табу оңай ән салып, би билеп ортаға шығу керек балалар маған дайындаған қандай өнерлерің бар ортаға шығып ән айтыңдар мүмкін қошақанның анасы да келіп қалар.
Ән: «Зеңгір көктем»
Көктем Аруы: Ой қандай әсем әуендер керемет дауыстарың маған өте ұнап тұр.
Жүргізуші: Қош келдің Көктем Аруы , алыс жолдан келіп шаршаған боларсыз төрге шығыныз,төрден орын алыныз,біздің балалардың жүрек жарды жылу лебіздерін қабыл алыңыз. (Өлең шумақтары)
Тақпақтар 1,2,3,4,5
Қошақан: Анам есіме түсіп кетті, анамның айтқанын тыңдамайтын едім,ақымақтық жасаған екенмін.
Жүргізуші: Оо қандай ақылдысың өзіңнің кінәңді түсініп, біліп,отырғаның өзі үлкен жетістік. Сен анаңа тосын сый жаса сен балалармен бірге анаңа қалай көмектсу керек екенін үйреніп ал, ортаға шығып анаңның киімдерін орамалдарын, үй жинасқанда қалай көмектесу керек екенін біздің кішкентай жігіттер саған үйретеді, жүр бізбен бірге.
Би: «Кір жуу»
Ару көктем: Рахмет балалар ,көңілімді көтердіңдер! Менде құр келген жоқпын сіздерге ойынымды ала келдім. (Көктем ару түсіндіреді.)
Ойын: «Кір жаю»
Көктем ханшайымы: Рахмет балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер.
Қошақан: Рахмет балалар енді мен анамды тыңдайтын боламын, ақылды боламын анамның айтқанын жасайтын боламын. Сендер маған көп нәрсе үйреттіңдер кір жаюды да кір жууды да үйреттіңдер.
Көктем Ару: Қане қошақан сен менімен бірге жүр мен сені анаңа табуға көмектесем. Екеуміз барып іздейік анаңды, балаларға рахметімізді айтайық.
Ал балалар, мен енді қайтайын мені сендер сияқты басқа балаларда күтіп отыр.
Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Міне бүгінгі ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Аналарыңа, әжелеріңе өз қолымен жасаған сыйлықтарыңды беретін сәтте келді. Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.Сау болыңыздар!
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/129-anashym-tty-bolsyn-mereke-raushan-toby.html#sigFreeIdf18ec0e1d8