Тақырыбы: Өрттен сақтану жолдары!
Мақсаты:Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу, түсіндіру, сурет бойынша әңгіме қортындылау.
Көрнекілігі: Суреттер, көрнекілік.
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған баламыз,
Біз әдепті боламыз.
Досымызды көргенде,
Біз қуанып қаламыз
Тәрбиеші:Балалар өрт тілсіз жау. Біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Балаларға суреттерді көрсете отырып .Өт шықанада қалай сөндіру керегін айтып көрсету.
Балалардың тақпағы
Мади
Өрт пен түтін айнала,
Қарап тұрма жай ғана.
Тез хабар бер 101-ге,
Уақытты сен байлама.
Сардар
Үтікпен киім басарда,
Сақтық керек саған да.
Мұқият бол қашанда,
Үйде жалғыз қалғанда.
Ойын: «Өртті сөндіру»
Ойының шарты:Балаларға өрт шықан жағдайда өрт қалай сөндіру керектігін түсіндіре отырып, ойын арқылы көрсету.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер от туралы жақсы біледі екенсіңдер, енді орнымыздан тұрып шамалы сергіп алайық.
Сергіту сәті
Ойын: «Қателеспе»
Ойынның шарты:Отта жанатын жанбайтын заттарды айырып атау.
Қортынды:Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау»
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/113-rtten-sa-tanu-zholdary.html#sigFreeId53cae0dff8
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Өрттен сақтану жолдары! |