Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

Ендеше,егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениетті , парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды ,өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті- білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мәдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

«Патриоттық тәрбие -тәрбие негізі» - демекші енді менде бүгін осы сіздердің орталарыңызда патриоттық тәрбиеге деген үлесімді қосқалы отырмын.Осыған дейінде патриоттық тәрбиеге байланысты әріптестерімізден көптеген мағлұматтар алып келдік.Оның ішінде псхологіміз Лаззат Аманкельдиева, әріптесім Индира Хайроллаевна ортамызға келіп дәстүрден тыс түрлі жұмыс түрлерімен бөліскен болатын.Енді мен бүін жай қарапайым түрде жалпы біздің патриоттық сезімімізді дәстүрден тыс емес дәстүрлі түрде сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктеріңізді ақ қағаз бетінен көрсем деген мақсатпен сіздерге арнайы өлең жолдарын дайындадым.Ендеше мен сіздерді екі топқа бөлгім келіп тұр.

 

 1-ші топ «Қыран» тобы

 

 2-ші топ «Самұрық» тобы

 

Қыран бейнесі -әдетте биліктің,қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады.Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің  қуат күшін,оның егемендігі мен тәуелсіздігін,биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады.Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық,ерлік пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады.

 

Самұрық құсы-қазақ мифологиясындағы екі дүние арасындағы дәнекер болатын, қыран тәрізді алып құс. Самұрық құсы әлемдік ағаштың (Бәйтерек) шыңында тұрады. Аңыз бойынша Самұрық өлгенімен, қайта тіріле алады.Өлгенде де, тірілгенде де от болып жанады. Самұрық құсы адамша сөйлесіп, аңыздың негізгі кейіпкеріне өз рахметін айтады. Ұшқанда күннің бетін көлегейлей ынтымаққа бастайтын алып құс; қуаныштан шаттанып күлгенде аузынан будақ-будақ төгіліп аппақ гүлдер түсетін ғажайып құс; мұңая тұрып жылағанда жасаураған көзінен мөлдіреп моншақ-моншақ маржан төгілетін ғаламатқа бергісіз құс.

 

Ал енді әріптестер құстар туралы мәлімет біліп болсақ,ары қарай жұмысымызды бастайық.Мен сендерге өлең жолдарын тарту етемін.

 

І топ «Қыран» 

Отаным менің - Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағын.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қазағым. 

Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт - дәстүрін сақтаған. 

Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Кен байтақ жерге қазағым,

Егін егіп, мал жайған.

 

ІІ топ «Самұрық»

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала, 

Астана өсуде. 

Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

Туғандай қиялдан,

Үйлері бір арман.

Аспандап барады,

Аяулы ұлы ордам.

Ақ таңмен тыныстап,

Мүлгиді күміс бақ.

Тыныштық тұтқасын,

Елбасым тұр

ұстап.

 

Осы өлең жолдарын оқи отырып,өлеңдегі Отан туралы сипаттаманы қағаз бетіне сурет етіп салайық.Жұмыс уақыты 10-минут.Суретімізді салып болсақ,берілген өлең шумағын оқи отырып,салған суретімізді қорғайық.

 

Тамаша,жарайсыздар!Әріптестер баршаңызды ортаға шақырамын,ары қарай Отанымызға деген махабатымызды әнмен жеткізейік.

 

Ән: «Отан үлкен Астанам»

Жарайсыздар әріптестер! Салған суретімізден,шырқаған әнімізден Отанға деген сүйіспеншілігімізді, махабатымызды байқауға болады.

 

Отанымыз жасасын, еліміз көркейе берсін, халқымыз аман болсын, өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот,қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелей берейік!

Бүгінге өз ризашылығымды білдіру үшін мына тәттілерді ұсынамын.

Қабыл алыңыздар!

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Название Скачать
1 Балаларға патриоттық тәрбие беру .pdf