Мақсаты: Бүлдіршіндерді ізгілікке ,үлкенді сыйлауға,құрмет көрсетуге,адамгершілікке тәрбиелеу,ой-өрісін дамыту,өнерге баулу.
Жүргізуші: Құрметті ата-ана, балабақша ұжымы сіздерді 1-қазан қарттар мерекесімен құттықтаймыз.Мемлекетімізде осыдан 24 жыл бұрын 1990 жылы ізгіліккке,үлкенді сыйлауға,құрмет көрсетуге,адамгер14 желтоқсанда 1 қазан қарттар күні деп есептеуге қаулы шығарылды.
Қарттар дегеніміз-біздің ата-әжелеріміз.Біздің ата-әжелеріміз халқымыздың өткені мен бүгіні.Олар бізге өздерінің ақылдарын айтып,жақсы іске үйретті,өнеге,тәлім-тәрбие берді.Сондықтанда біз үлкендерді сыйлауымыз,оларға құрмет көрсетуіміз керек.“Қарттары бар ел-бақытты ел” дей отырып,“Қарттарды құрметтейік ”атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Құзы терең тең құлашты шалқардай,
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай,
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы,аман болшы қарттарым - дей отырып, бүлдіршіндеріміздің ата-әжелеріне арналған жыр шумақтарға кезек береміз.
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз,
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Жүргізуші: Күн нөсерін төгейік,
Жырдан моншақ өрейік,
Уа, жамағат ал енді,
Әнге кезек берейік .
Ән: «Асыл атам,ақ әжем»
Жургізуші: Қысылып еш саспаңдар,
Кәнеки би бастаңдар.
Ата-әжелердің көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар - дей отырып,келесі кезекті биге береміз.
Би: «Көңілді би» биі
Жүргізуші: Ата-әже ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке ойындары – дей отырып кезекті ойынға берейік.
-Балалар олай болса,ойын ойнаймыз ба?
Ойынымыздың аты: «Кім шапшаң?»
Шарты:Ортаға 3 ұл мен 3 қызды шақырамын.Алдарыңда араласып жатқан әже мен атаның киімдерін бөлек-бөлек алып,2 ұл бала 1 баланы ата қылып,2 қыз бала 1 қызды әже қылып жылдам киіндіру керек.Қай топ бірінші болып киіндірсе, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші:Жарайсыздар балалар,
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым,рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне,балалар,біз өзімізді ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз.Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы,адамгершілігі мол,мейірімді болу арқылы ғана,оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.Қарттарымызды ардақтап өтейік!Оларды сыйлаңдар,қадірлеңдер!
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/107-arttardy-rmettejik2021-2022.html#sigFreeIdca2aeae17f