Мақсаты: Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Балаларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер, бейнеролик
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
-Сәлеметсіз бе, ағай?-деп
-Сәлеметсіз бе, апай?-деп
-Есенсіз бе, әжей?-деп
-Амансыз ба, атай?-деп
-Ұл-қыз сәлем береміз,
-Өнегелі өренбіз.
Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын ата - әже!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Балалар сендер әжелеріңді қатты жақсы көресіңдерме?
Олай болса ата-әжелерімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Кәусар
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрематамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Мұхаммед
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем..
Еркежан
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Дәулетхан
Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
өзің берген батадан
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп келеді. Келесі кезекті бейнероликке кезек берейік.
Жүргізуші: Балалар әже деген қандай болады?Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма?Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Ендеше «Балмұздақ» ойынынойнауға шығайық
Ойын «Балмұздақ»
Шарты: Балалар екіге бөлінеді, жемістерді жылдам теріп алып балмұздақтың ыдысына салып ата-әжелеріне сыйлайды. Қай топ көп жинаса сол жеңіске жетеді
Мақсаты:Жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру. Көкеністер мен жемістерден балмұздақ жасау. Балаларды шапшаңдыққа, бауырмалдыққа үйрету. Жемістердің адам денсаулығына тигізер пайдасын және қандай дәрумендер алуға болатынын айтып түсіндіру.
Ойын:«Арқан тарту»
Шарты:Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Мақсаты: Ойынының техникасын үйрету. Балалардың физикалық дайындығын анықтау. Ұлттық ойынның маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де
Ән: Ата-әже
Ән шырқалып болғансоң бүлдіршіндеріміз өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ата ажелерге табыстайды.
«Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата -.әжелерді мерекесімен құттықтай отырып «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты ертеңгілігімізді аяқтай
Бекітемін
№32 «Қуаныш балабақшасы»
меңгерушісі: А.Е Ескалиева
«Рухани жаңғыру»
бағдарламасына арналған шаралар
Тақырыбы:«Қарттарды құрметтейік»
(тақырыптық сағат)
«Қызғалдақ» мектепалды даярлық тобы
Тәрбиешілер:
Тлепбергенова Н.М
Бимаханова Б.А
Ақтөбе 2021ж
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/106-arttardy-rmettejik-1.html#sigFreeId1e1e19d36d