Ашық қаралым
Тақырыбы: «Күзгі еңбек»
Білім беру саласы: «Қатынас»
«Ақжұпар ересек» тобы
Өткізген: Мұрат Ұ.С
2021-2022ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Тақырыбы: «Күзгі еңбек»
Мақсаты: Балалар күз туралы біледі .Алтын күздің ерекшеліктері туралы айта алады. Күзгі еңбек түрлерін біледі,ажырата алады.
Көрнекіліктері: күз көрінісі бейнеленген суреттер, жеміс-көкөністер,
Күтілетін нәтиже:
Әдіс - тәсілдері: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар,
Шаттық шеңбер:
Аманбысың Алтын күн,
Аманбысың Жарық күн.
Маған жылу,жарық бер,
Қуаныш пен шаттық бер.
Сұрақ – жауап өткізу:
- Жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атаймыз?
- Қазір қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін қай күн?
Тәрбиеші балалар, көңіл-күйлерін қалай ?Бүгінгі күніміз ерекше болмақ.Біз бүгін көптеген тапсырмалар орындаймыз.
(4К сыни ойлау)
Осы сәтте есікті қағылып Кірпі қонаққа келеді. Балалармен амандасып,өзімен бірге тапсырмалар ала келеді.
Дидактикалық ойын:
1-топ «Күз бейнесін табу»
2-топ «Еңбек құралдарын тап»
3-топ «Егістікте қолданатын көліктерді табу»
4-топ «Күзгі еңбек»
( Педагог ж етекшілігімен ойын)
(4 К камандамен жұмыс, креативтілік)
Сергіту сәті: «Әуенмен бірге билеу»
Балалар тәрбиешімен бірге би қимылдарын орындады.
(4К каммуникативтік тілдік дағды)
Дидактикалық ойын:
1-топ «Көкөністерді табу»
2-топ «Жемістерді табу»
3-топ «Көлеңкесін тап»
4-топ «Көкөністермен жеместердің пішінің келтіру»
(Құрылымдалған ойын)
Ойын ережесі түсіндіріледі .Педагог өзі ойынды бастап көрсетеді, әрі қарай балалар өздері ойнайды. Көкөністер мен жемістерді орындарына орналастырады.
Дидактикалық ойын: «Жаңғақтар мен жапырақтар теру»
(Еркін ойын)
Қорытынды: Балалар, бүгін оқу қызыметінде не туралы айттық?
- Қазір қай мезгіл?
- Көкөністермен жеміс жидектер атайық.
- Балаларды мадақтап ,мақтау жұлдызша тарату.
https://kuanysh32.edu.kz/kz/ajly-is-sharalar/100-serik-yzy-ldaj-ashy-aralym.html#sigFreeId9145e94996