№ 32 «Қуаныш» балабақшасының қамқоршылық кеңесінің
Ережесі
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1 Балабақшаның қамқоршылық кеңесінің бұл ережесі – оқу – тәрбие үрдісінің жақсаруын арттыруға,барлық кеңестерінің мүшелерін балабақшаның іс-шараларын ұйымдастырып,қатыстыруға,өзін-өзі басқару жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылып,қабылданды.
- Қамқоршылық кеңесінің мақсаты : білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді және оқу-тәрбие мен инновациялық үрдісті жақсатруға септігін тигізуге құрылған.
2.1. Қамқоршылық кеңесінің міндеттері:
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Тәрбиеленуішілер,ата-аналар және тәрбиешілер арасында біріккен жұмысқа жайлы жағдай жасау.
- Мектепке дейінгі ұйымның білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
- Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке дейінгі ұйымға тартуға жәрдем беру.
- Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
- Тәрбиеленушілер арасында шығармашылық,интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау.
- ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ
3.1 Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:
- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;
- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;
- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.
3.2 Қамқоршылық кеңесінің жеке құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.
3.3 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.
3.4 Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.
3.5 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөлу кеңестің отырысында белгіленеді.
3.6 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.
3.7 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.
- ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.
4.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.
4.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.
4.3 Қамқоршылық кеңесінің білім беру мекемесі материалдық-техникалық базасын дамыту үшін берген қаражат қаржыларын білім беру мекемесінің пайдалануы туралы жарты жылда бір ретмеңгерушіге есеп береді.
4.4 Білім беру мекемесін дамыту мүддесі үшін бюджеттен тыс қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануы үшін жауапты.
4.5 Білім беру мекемесінің бюджеттен тыс қаржысының шығысын бақылайды.
4.6 Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.
4.7 Қамқоршылық кеңесі мектепке дейінгі ұйым ата-аналар комитеті алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
- ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ
5.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңестің төрағасы мен хатшының қолы қойылған хаттама жүргізіледі.
5.2 Хатшының міндеті Қамқоршылық кеңесінің бір мүшесіне жүктеледі.
5.3 Құжаттары Қамқоршылық кеңесінің төрағасында 1 жылға сақталады.
Ереженің нақтылы мерзімі: білім беру мекемесінің үлгісі (немесе түрі) өзгергенге дейін.
- ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
6.1 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы бірінші отырыста құпия дауыспен сайланады. Сайлану уақыты 3 жыл.
6.2 Құқықтары:
- өз міндеттерін қоғамдық бастама ретінде жүргізеді;
- жергідікті басқару органдары,ұжымдар,ұйымдармен араласып,олардың алдында қамқоршылық кеңесін ұсынады;
- қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын ұйымдастырады,басқарады;
- қамқоршылықкеңесінің қабылдаған шешімдеріне қол қояды;
- қамқоршыдық кеңесінің жұмысы туралы жылдық есебін дайындайды;
- мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігімен байланыста болады.
- ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.
Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
- демократиялық;
- алқалық;
- ынтымақтастық ұзақтығы;
- жұмысының жариялылығы пен ашықтығы.
Қамқоршылық кеңесіне қатысушылардың жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:
- еріктілік;
- жұмыс заңдылығы және барлық қатысушылардың құқықтық теңдігі;
- көмек алушылардың таңдау еріктілігі;
- қайғыға ортақтасу,мейрбандық,риясыздық рухани құндылықтары.
- Қамқоршылық кеңесінің жұмысын тоқтату
Қамқоршылық кеңесінің жұмысы тоқтатылады:
- қамқоршылық кеңесінің ынтасымен;
- таратылу және қайта ұйымдастыру.