«Қызғалдақ»  МАД тобы

 Тлепбергенова Н.М

 Бимаханова Б.А

 Муз. жетекшісі: Аетова Л.Т

            Қоғам және ата-ана тәрбиесі

            Тақырыбы: «Ана – деген тіршіліктің тірегі!»

Музыка әуенімен тәрбиешілер және үш бала кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, аналар мен әжелер! Сіздерді көктемнің келуімен және бірге келетін алғашқы көктем мерекесі 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Тәрбиеші: «Қызғалдақ»мектепалды даярлық тобының бүгінгі 8 наурыз халықаралық аналар, әжелер, апалар, қыздар  мерекесіне дайындаған  «Ана – деген тіршіліктің тірегі!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Әлмұхаммед: Ана –деген өмірімнің шырағы

Өмір көзі алтын күннің шуағы

 Дем беретін сүйетұғын жаныммен

 Шөл далада сусындайтын бұлағың.

Али-Султан: В добрый день

 Восьмое марта

Мамам нашим шлем привет!

«Мама» — слово дорогое,

В слове этом жизнь и свет.

Мырзабек: Балдай тәтті баламыз

Ақылдымыз данамыз

Аналардың мейрамын

Бірге қарсы аламыз.

Балалар ана туралы әнге би қимылдарын жасап,кіреді.

Тәрбиеші: Міне, қызық?… Мына хат кімнен келді екен? Кәне, оқып көрейік. Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! Мен көктемнің апасы қыс ханшайымымын. Сендер менімен бірге қыс мезгілінде қызықтап, қардан аққала жасап, шанамен сырғанап, көңіл көтердіңдер. Енді менің сібір жаққа кететін уақытым болды. Ал, менің сіңілім көктем аруы әлі ұйқыда жатыр. Сендер бүгінгі мерекеде көңіл көтеріп, ән салып, би билеңдер. Сонда көктем аруы, ұйқысынан оянып, сендерге келетін болады. Сол кезде айнала құлпырып,күн сәулесін шашып, ағаштар бүршік жарып, бәйшешектер гүлдеп, құстар келіп, ән салатын болады. Қош сау болыңдар, балалар!

Ән: «Көктем»

Өлең шумақтары

Осы кезде музыка ойналып ортаға Көктем Аруы шығады.

Көктем Аруы: Сәлеметсіндер ме, балалар! Көңіл-күйлерін қалай?

Балалар мен сендерге күннің шуағын алып келдім, қыстың суығымен қарлы боранды алысқа қудым. Ал өзімен бірге жарқырыған күннің нұрын, жылуын және нәзік жандылыр мерекесін ала келдім. Сендерге келуге асықтым.

Тәрбиеші: Салеметсіз бе Көктем Аруы! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.!

Ару Көктем: Сендердің көңілді дауыстарың, сыңғырлаған күлкілерің, мені осы жерге жетелеп әкелді. Мен өзіммен бірге аналар мейрамын ала келдім. Ал сендердің аналар мейрамына  қандай сыйлықтарың бар!

 

Тәрбиеші: Біздің балалардың мерекеге дайындаған өнерлері өте көп. Ал кәне, балалар ортаға шығып жырдан шашу шашайық.

Өлең шумақтары

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар бүгінгі мерекесімен құттықтап, тілектеріңді айттыңдар. Ендеше өздерің айтқандай қыздарымызды ортаға шақырып, ойын ойнайық.

Ойын: «Қыздарды әсемдейміз»

Шарты: Ортаға балалар шығады. Ер балалар түрлі – түсті бояулармен қыздарды әсемдейді.

Тәрбиеші: Балалар бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі. Сондықтан әжелерімізге де жүрек жарды тілектерімізді айтайық.

Өлең шумақтары

Ән: «Әже»

Тәрбиеші: Балалар, бүгін тек қана аналарымыз бен әжелеріміздің ғана мерекесі емес, біздің қыздарымыздың да мерекесі. Кәне, қыздарды да құттықтап жіберейік және осы әсем қыздарымызға сыйлық алып берейік.

Ойын: «Қыздарға сыйлық сыйлайық»

Шарты: Тақтада түрлі – түсті шарлар жапсырылған. Балалар осы түрлі – түсті шарды жарып, қыздарға сыйлық алып береді.

Көктем Аруы: Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын. Әлі де мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскенше сау болыңдар балалар. Музыка ойналып, Көктем Аруы залдан шығып кетеді.

Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде аналарымыздың құрметіне би билеп берейік.

 Би: «Көктем вальсі»

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі «Ана – деген тіршіліктің тірегі!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.