АШЫҚ ҚАРАЛЫМ

«СИҚЫРЛЫ ӘЛЕМ»



Орындаған:Аяпбергенова И.Х.

«Інжугүл» МАД тобы


Ақтөбе қаласы


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Мақсаты: Балалар табиғатты қорғау керек екенін біледі. Түрлі-түсті дәстүрден тыс заттарды тиімді  қолдана  алады. Ұжыммен топтаса жұмыс жасауды біледі.

Шаттық шеңбер.

Қайырлы таң, Алтын күн!

Қайырлы таң, Жер Ана!

Қайырлы таң, достарым!

Қайырлы таң, балабақша.

Сәлеметсіз бе апай!

Сұрақ-жауап.

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бір аптада неше күн бар?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің ауа-райы (құбылыстары) қандай?

(бала үні)

(әуенмен гүл келеді)

Балалар: Гүлмен амандасады.

Тәрбиеші: Гүл  сен неге көңілсізсің?

(Гүл өзінің ренжігенін айтады)

Гүлге балалар көмпктесемізбе?

Балалар жауабы: Иә.

Тәрбиеші: Олай болса сиқырлы қоржыннан өзіміздің карталарымызды алайық.

Үш топқа бөлу. -қызыл гүл, сары гүл, жасыл гүл.

I ші тапсырма:

-1 «Менің әдемі гүлім»

Шарты: балалар дәстүрден тыс  майшаммен салынған гүлдің бейнесін қыл қаламмен бояйды.

-2 «Таңғажайып гүлдер»

Шарты: балалар дәстүрден тыс түрлі-түсті гуашпен бір реттік шанышқының көмегімен гүлдің суретін салады.

-3 «3D гүлі»

Шарты: балалар желіммен түрлі-түсті қағазды жапсыру арқылы трафаретпен гүлдің бейнесін көрсетеді.

(педагог жетекшілігі).

Тәрбиеші: Балалар орындарына отырады. Екінші тапсырма тақтамен жұмыс.

II ші тапсырма:  «Сөйлейтін сурет».

Шарты: Әр топтан шыққан балалр текшедегі берілген суреттерге өз сөзімен толық әңгімелейді.

(құрылымдалған) (сыни ойлау)

 

Сергіту сәті: «Қызыл, сары аппақ гүл»

III ші тапсырма:

-1 «Сиқырлы саусақ»

Шарты: балалар фетр арқылы гүлді саусақ моторикасын дамыта отырып құрастыру.

-2 «Ала гүл»

Шарты: топырақ арқылы гүл суретін салу.

-3 «Тәтті гүл»

Шарты: құрғақ шекер пудрасы арқылы көк фонға сүзекінің көмегімен суреттер салу.

(педагог жетекшілігі)

«Ғажайып сәт»

«Су бетіндегі сиқырлы гүлдер»-тыныс алу жаттығуы.

Гүл: рақмет достарым! Енді менің сиқырлы әлеміме саяхатқа шақырамын.

(шеңбер жасап жолға шығады)

 

IV ші «Сиқырлы әлем»

(Еркін ойын)

Гүлдің сыйлығы.

(марапаттау)