Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Менің отбасым»
(Ашық қаралым )
Тәрбиеші: Уразбаева.Г.Ж
Ақтөбе 2021жыл.
Мақсаты. Балаларға отбасы туралы әңгіме айту. Отбасы мүшелерін аттарын атай алады. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынасын дамыта алады. Отбасы құндылығы туралы айтады.Балалар өз отбасы туралы айта алады. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, қамқорлық жасауға, бір-біріне жақсылық жасайды.
Көрнекіліктер: Слайд,Отбасы мүшелерінің суреттері, сұрақ-жауап, ойындар.
Әдіс тәсілдері: Жылулық шеңбері, қызықты сәт,сұрақ жауап,тақпақтар, ойындар, мақал-мәтелдер.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба! Алтын күн,
Амансың ба! Жер Ана.
Амансың ба! Достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Сұрақ жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын атап беріңдерші?
Күзде қандай өзгерістер болады?
(бала үні есту)
Тәрбиеші:
Балалар бүгін біздер отбасы туралы айтамыз.Тақтаға суретке назар аударайық.Бұл суретте отбасы мүшелері көрсетілген.Олай болса отбасы мүшелерінің суретін ретімен атаймыз. Бұл суретте кімдердің суреттерін көріп тұрмыз?Ата, Әже, Әке, Ана, бала. Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді өлең шумақтарымызды, мақал-мәтелдерді айтамыз.
Ақжол:Анашым менің тірегім
Көп еді сенің тілегің,
Атыңды сенің ардақтап
Жүремін әркез мақтанам.
Исмат: Анам, анам ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілді аламын
Жұмсағанда барамын.
Асылжан: Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем,
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.
Рамазан:Әкетайым әкешім
Жақсы көремін мен сізді,
Құрметтеп мәңгі өтемін
Мәпелеп өзіңді.
Мақал-мәтелдер:
Раяна: Балалы үй базар
Нұрсәнім: Ата-баланың қорғаны
Амина: Отан- отбасынан басталады
(балалардың жауаптары )
Балалар олай болса қазір қолдарыңа отбасы мүшелерінің суреттерін таратып беремін, суреттерге қарап топтарға бөлінеміз.
1Дидактикалық ойын: «Отбасы мүшелерінің киімдерін ажырата алады»
(Педагог жетекшілігімен ойын)
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.
1 топ: ата, әженің киімдерін ажыратады;
2 топ: әке, ананың киімдерін ажыратады;
3 топ: ұл мен қыздың киімдерін ажыратады;
(4К сыни ойлау)
Тәрбиеші:балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
Сергіту сәті: «Санамақ»
Балалар әуенмен еріп, би қимылдарын орындайды.
2.Дидактикалық ойын: «Отбасы мүшелерін ретімен орналастыру.»
(Құрылымдалған ойын)
Тәрбиеші: балалар біздер кімдер туралы айттық?Отбасы мүшелерімен танысып білдік. Жарайсыңдар балалар көп рахмет сендерге. Балаларды мадақтау, бағалау.
«суреттерді құрастыру»(еркін ойын)